13 Сәу 2022
Үйірмелер

Анықтама

Талдық негізгі орта білім беретін мектебінде «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысын жүзеге асыру мақсатында  «Ұшқын» дебат клубы жұмыс жасайды. Оқушыларды пікірсайыс,дебат ережелеріне үйрету үшін дебат  үйірмесі  аптасына 1 рет, жылдық 34 сағатқа жоспарланған. Дебат үйірмесіне 13 жастан бастап  оқушылар қабылданды. Қазіргі уақытта 10 оқушы дебат үйірмесіне қатысуда. Дебат клубы мүшелігіне жетінші,сегізінші,тоғызыншы сынып оқушылары қабылданды.Үйірме жұмыс жоспарына сай жүргізіледі. Пікірсайыстағы кездесулер нәтижесінде оқушылар  өз ойын анық жеткізеді.

     Қыркүйек айында пікір сайыстырудың негізгі принциптерімен таныстырылды, Пікір-сайыс стильдері.

АПФ форматындағы ойын үлгілерімен таныстырылды, «Жемқорлық індет

жою міндет»презентациялық сабақ өткізілді,Қазан айында«Қазіргі жастарда патриотизм жеткіліктіме?»мектепішілік пікірсайыс турнирі өтті. Мектепішілік пікірсайыс турниріне 2 фракция қатысты.  Жеңімпаз аталған фракциялар 1 орын, 2 орындармен , «Үздік спикер» номинацияларымен марапатталды. Дебат  АПФ форматында болды,ережелерге сәйкес өткізілді.Бұл өткізілген дебаттың мақсаты қазіргі жастардың бойында

-ғы патриоттық тәрбие жеткіліктіме,отансүйгіштік еліне ,тіліне ,салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға бағытталды.

Қараша айында «Б.П Болашақ бағдарламасы өз нәтижесін берді д.е» тақырыбында дебат өткізілді, бұл тақырыптың мақсаты елімізде көптеген жастар мемлекет қаржысынан білім алып, олардың ақталып немесе ақталмай жатқандығы туралы оқушылар өз ойларын ортаға салды .Бұл ойынмен болған барлық қателер мен кемшіліктермен жұмыс жасалды.Аргумент құрастыру ережелерімен таныстырылды.Зерттеулермен дәлелдемелер ,қандай нақты деректерге сүйену керектігі пысықталды.

 

Желтоқсан айында дебат мүшелерінің қатысуымен«Б.П Қазақстанда АЭС (атом электр станция) салу ақталады  д.е» тақырыбында дебат өткізілді .Бұл ойынның мақсаты АЭС-тың тиімді-тиімсіз, пайдалы-зиянды жақтары туралы оқушылар өз ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар қаңтар айында «БП Ата-аналардың өз балаларының әлеуметтік желідегі парақшасына кіру мүмкіндігі болу керек д.е» тақырбында дебат өткізілді .Ойын тақырыбы оқушыларға таныс болғандықтан ойын тартысқа толы өтті.Ойынды талдау жүзеге асырылды.Парламентари мүшелеріде бұл тақырып туралы өз ойларын айтты

Ақпан айында «Өзін-өзі тану апталығының» он күндігіне орай «Патриоттық,адамгершілік,қайырымдылық тақырыбында» дебат ұйымдастырылды.Бұл ойында оқушылар қазіргі жастардың патриоттық,адамгершілік ,қайырымдылығы туралы туралы оқушылар өз ойларын түрлі мысалдармен,нақты дәйектермен дәлелдеп шықты.Осы мектепшілік турнирге мектеп психологы Арганатова Алмагүл апаймен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сейтимова Гүлбазар апай көрермен болып  қатысты.Оқушылар алғыс хаттармен марапатталды .

Наурыз айында жоспарға сәйкес «Мейірім әлемді құтқарады» қайырымдылық акциясына мектепішілік еріктілер тобымен және дебат клубының мүшелерінің қатысуымен ауылымыздағы зейнеткер қарт кісінің үйінің ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді

Сәуір айында «Табиғатты аяла» апталығы аясында клуб мүшелерінің қатысуымен«БП Туризмнің пайдасынан зияны көп деп есептейді»тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты;Еліміздегі туризм саласына жұмсаған қаражаттар ақталама,туризм саласы әлемнің дамыған елдерінің туризм саласымен тайталаса алама,әлде туризмнің қоршаған ортаға т.б салаларға пайдасынан тигізетін зияны көппе деген мәселелер қарастырылды

Дебат үйірмесі  жылдық жоспарға  сай  жүргізіледі. Өткізілген жұмыстар әлеуметтік желіге жүктеліп отырды.Әр ойыннан кейін оқушылармен бірге отырып кемшіліктер мен қателіктер және төрешілік ету мәдениеті туралы сабақтар өткізілді.Дебат мүшелерін аудандық , облыстық ,республикалық деңгейдегі пікірталас орталықтарын оқушыларға таныстырып, координаторларымен байланыста бола отырып, турнирлер мен жолдастық кездесулерді арттыру арқылы пікірсайыс қозғалысын дамытамытылады.

«Ұшқын»дебат клубының жетекшісі                  Ізбасаров Ж.Е

Жаңалыктар