13 Сәу 2022
Үйірмелер

Mузыкалық жетекші анықтама

 Талдық негізгі орта білім беретін мектебінде музыкалық жетекші жұмыс жасайды. Музыкалық жетекшінің негізгі мақсаты:

Жеке және концерттік жұмыстарда аспапшылар мен вокалистерді сүйемелдеуі тиіс, оқытушылармен бірлесіп бағдарламаларға сәйкес білім алушылардың музыкалық білімін жүзеге асырады, оқушылармен жеке және топтық түрде сабақ береді. Оқушылардың орындаушылық дағдысын, музыкалық – эстетикалық талғамын дамытады, жеке шығармашылыққа тәрбиелейді. Оқушыларды ансамбльдік орындаушылыққа үйретеді.

Музыкалық жетекшінің атқаруымен жүргізілетін жұмыстар жоспары оқу жылының басында құрылды.

Қыркүйек айында: 1 қыркүйек білім күні «Кел,балалар,оқылық!» тақырыбында  барлық санитарлық – эпидемиялық талаптарды сақтай отырып , салтанатты жиынға оқушылардың толық қатысуын қамтамасыз етіп,салтанатты жиында оқушылардың әндерінің дұрыс орындалуын қадағалады.  «Әнұраным шарықта!» тақырыбында оқушыларды  мемлекеттік әнұранымыздың дұрыс айтылуына машықтау жұмыстары жүргізілді.  Сонымен қатар «Тіл – ұлттың қазынасы» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Қарттар күніне арналған мерекелік кешке дайындық жұмыстары барысында оқушыларға «Асыл әжем» әні және т.б әндер үйретілді.

Қазан айында: «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында оқушылардың және музыка жетекшісінің  қатысуымен  мерекелік кеш өтті. Сонымен қатар Ұстаздар күніне арналған мерекелік кешке «Ұстаз – дана» әні оқушыларға таныстырылып, «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды.Мерекелік кешке 7-9 сынып оқушылары толық қатысты.

Денсаулық күніне орай «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында оқушылар әртүрлі  жаттығулар жасап видеоролик түрінде түсірді.

Қараша айында: «Сүйікті әндер» тақырыбында оқушылар арасында патриоттық әндер байқауы өткізілді. Сонымен қатар 1 – желтоқсан – Дүнижүзілік АҚТҚ және ЖҚТБ – ға күрес күніне орай, оқушыларға ғасыр ауруы туралы түсінік беріліп, санитарлық – гигиеналық білімін дамыту барысында  аталмыш тақырыпта «Флешмоб» ұйымдастырылды.Желтоқсан айында сонымен қатар, ел тәуелсіздігінің 30- жылдығына орай «Тәуелсіздік – мақтанышым!» тақырыбында оқушылар арасында музыкалық жетекшінің қатысуымен мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кешке дайындық барысында оқушылар таңдаған патриоттық әндердің орындалуы, музыкасы тексеріліп, дайындық жүргізілді. Аталмыш мерекелік кеште оқушылар патриоттық әндер айтып, қобыз бен домбыра аспаптарында шығармалар орындады.

Сонымен қатар оқушыларды жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгіліктерге, кештерге дайындау мақсатында  музыкалық жетекші жұмыстар жүргізіп, «Кел жаңа жыл, жаңа жыл!» тақырыбында мерекелік кештер ұйымдастырды. Оқушылар мерекелік кештерде «Қош келдің,жаңа жыл!», «Жаңа жылым!», т.б. әндер шырқап, билер билеп, көріністер көрсетті.

Қаңтар айында: «Қатыгездік пен зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында музыкалық жетекшінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында флешмоб өтті.Сонымен қатар, осы айда оқушыларға Ақан серінің «Қараторғай» әні үйретіліп, өзге халықтардың және өз халқының мәдениетін танып білу мақсатында оқушылар арасында «Ұлттық би сайысы» байқауы ұйымдастырылды.Оқушылар әртүрлі халықтардың билерін билеп,өз өнерлерін көрсетті.

Ақпан айында: Оқушылар Біржан салдың «Ләйлім шырақ» әнінің айтылуына машықталды.

Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кешке дайындық жұмыстары жүргізіліп, оқушылар «Анаға сәлем!», «Ана туралы жыр»,»Анашым» әндерінің айтылуына машықтанды.Сонымен қатар, «өзін- өзі тану: шығармашылық пен сүйіспеншілік педагогикасы» онкүндігінде 2-7 сынып оқушылары арасында музыка жетекшісінің ұйымдастыруымен «Ән-көңілдің ажары» тақырыбында ән сайысы өткізілді.Ән сайысына қатысқан оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

Наурыз айында: 1-наурыз Алғыс айту күніне орай музыкалық жетекшінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Ризашылық мейірімділік бұлағы» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды.Мерекелік кеште оқушылар «Алғыс», «Көктем келді»,»Алғысым шексіз», «Анаға алғыс» , «наурыз – көктем» тақырыбында әндер айтып,билер биледі.

Сонымен қатар, «Сыйынар ем,ана деген тәңірге!» тақырыбында аналарға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылып, оқушылар «Анашым», « Ана туралы жыр». «Анаға сәлем», «Анашым-анажаным» тақырыптарында әндер айтылып, «жастар биі», «флешмоб»,»қазақ биі», «испан биі», «үнді биі», «өзбек биі» билерін биледі.

Сонымен қатар,осы айда жыл басы наурыз мерекесіне орай  «Қош келдің, әз- Наурыз!» тақырбында музыкалық жетекешінің ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеште халық әндері «Балапан қаз», «Сәулем- ай», « Ариайдай», «Күміс құмған-ай», әндері айтылып, «қазақ билері» биленіп, халқымыздың салт- дәстүрлері – «Қыз ұзату», «Беташар», «Бесікке салу», «Тұсау кесер» рәсімдері көрермендерге көрсетілді. Мерекелік кеш өз деңгейінде өтті.

Жаңалыктар