Талдық негізгі орта білім беретін мектебінде «Балалар және театр» ағартушылық жобасына аясында «Театр әлеміне саяхат» үйірмесі жұмыс жасайды.Оқу жылының басында үйірмеге қатысатын оқушылардың тізімі жасалды.Үйірмеге бірінші сыныптармен жетінші сыныптар аралығындағы онбес оқушы қатысады .Үйірме аптасына 1 рет, жылдық 34 сағатқа жоспарланған .Үйірме жопарға сәйкес жүргізіледі.Оқушылармен жұмыс істеу барысында оқушылардың қабілеттеріне қарай түрлі кейіпкерлерді сомдауға әр оқушыға рөлдер беріледі. Сонымен қатар оқушылардың ізденімпаздығы ,алғырлығы ескеріліп отырады.
Қырқүйек айында кіріспе сабақ болып Үйірмеге қатысушылардың тізімі жасалды. Назар аударуды дамыту ойындары ұйымдастырылды Түрлі әңгімелерден рольдік ойындарға этюдтер жасауға арналған сабақтарұйымдастырылды. Қазан айында үйірме мүшелерінің қатысуымен ұстаздар күніне арналған «Ұстаз
ұлы тұлға» мерекелік консертінде үйірме мүшелері сахналық қойылым қойды.Сахналық қойылым көрермендердің көңілінен шыға білді ,бұл қойылымда
ұстаздың қоғамдағы ролі алатын орны ескеріле отырып баяндалды.
{gallery} 0/1{/gallery}
Қараша айында үйірме мүшелеріне «Театр және кино майталмандары» туралы фото- бейне материалдар слайдттар көрсетілді. Қойылымның сценариімен танысып
үйрену сабақтары болды.Сахналық қойылымды талдау сабақтары болды.Қажетті жағдайларды баяндау, әр кейіпкердің сахнадағы өзін-өзі ұстау ерекшеліктеріне
тоқталу туралы сабақтар жүргізілді.
{gallery} 0/2{/gallery}
Желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын» қойылым қойылды. Сахналық қойылымда желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың ерлігі , батырлығы намысшылдығы көрсетілді.Қаңтар айында жоспарға сәйкес «Әдеп пен мәдениет» тақырыбында шығармалармен таныстырылды. Адамның бір-біріне сыйластығы, жер табиғатына, Отанға,балалық шаққа, кәрілікке, ата-анаға, нанға, білімге, өз-өзіне және барлық білмейтін нәрсеге сыйластық қарым-қатынас туралы сабақтар өткізілді.Тыныс алуды дамыту мен сөйлеу мүшелерінің еркін жұмыс істеуіне бағытталған ойындар мен жаттығулар жүргізілді. «Театр – өмір айнасы» театры қойылымы қойылды. Бұл қойылымда Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поемасынан үзінділер қойылды.
Ақпан айында «Махабатқа толы әрбір күн» өзін-өзі тану апталығының онкүндігіне орай үйірме мүшелерінің қатысуымен «Жақсылық пен жамандық» сахналық ертегісі көрерменге ұсынылды. Сахналық қойылымдағы кемшіліктермен жұмыстар атқарылды.Саханалық қойылымға үйірме мүшелері қатысты
{gallery} 0/3{/gallery}
.Наурыз айында алдағы өткізілетін іс-шараларға байланысты Қойылымның сценарийімен таныстырылды.
Наурыз мерекесіне арналған үйірме мүшелерінің қатысуымен «Бақыт іздеушілер» ертегісі көрермен назарына көрсетілді,бұл сахналық қойылымда бақытқа қалай
жеткендігі баяндалады .Үйірме жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Театр мүшелерін аудандық облыстық байқауларға қатыстыру жоспарлануда. Үйірме жетекшісі Ізбасаров Ж.Е